Б.Мұқашов: «Атырау-Астрахань» жолының сапасы қатаң бақылауда

(0 Votes)

«Атырау-Астрахань» тас жолының құрылысын биылғы жылдың соңына дейін аяқтап, халық игілігіне беру күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Атырауға жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жол құрылысына жауапты барлық мекемеге осылай деп тапсырма берді.

Ұзындығы 277 шақырым "Атырау-Астрахань" тас жолын қайта жаңғырту жобасы 6 бөлікке бөлінген. 2020 жылдың желтоқсан айында 20 шақырым жол /833-853 шақырым аралығы/ пайдалануға берілген, қазір кепілдік мерзімінде. Биыл жұмыс 5 бөлік бойынша жалғасады.

«Министр тапсырмасына сай, енді бұл жол уақытылы әрі сапалы салынуы тиіс. Жол құрылысын тезірек аяқтау үшін, көз қысты, бармақ бастыға жол берілмейді, - дейді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Б.Мұқашов.

Б.Мұқашовтың айтуынша, қайта жаңғырыту жұмыстарының және құрылысқа қажетті материалдардың  сапасын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының өкілдері қатаң бақылап отыр.  Филиал инженерлері өткен жылы аталған жолдың 5 бөлігіне 149 рет тексеріске шығып, жол құрылысына қажетті материалдардан 208 сынама алған.

« Алты бөлікке бөлінген жолдың 616-893 шақырым аралығындағы тексеріс кезінде жол құрылысына жауапты мердігер мекемелерге 30-ға жуық ескерту берілді. Бұған дейін де айтқанымыздай, 2 мердігер мекемеде зертхананың жоқтығы белгілі болды. Бұдан бөлек техникалық қадағалаушының жұмыс орнында болмауы, қыс мезгілінде қардың уақытылы тазаланбауы, жазда жолға су шашылмауы,  айналма жолдардың тегістелмегендігі, жол салу технологиясының бұзылуы анықталды», дейді Б.Мұқашов. 

Тексеріс жұмыстары биылғы жылдың бірінші тоқсанында да жалғасын тапқан.  616-893 шақырым аралығындағы 5 бөлікке мамандар 31 рет тексеріске шығып, құрылыс материалдарынан 60 сынама алған. Мердігер мекемелерге 22 ескерту берілген. Қазір ескертулер бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521