«Атырау-Астрахан» жолын реконструкциялау жұмыстары жалғасады

(0 Votes)

Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен, жалпы ұзындығы 277 шақырымды құрайтын, республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахан» автокөлік жолының 14-ші шақырымында Мәжіліс депутаттарымен, тапсырыс беруші тараптар мен мердігер кәсіпорындар өкілдерімен жергілікті тұрғындардың кездесуі өтті.

Онда негізінен реконструкциядан өткізіліп жатқан «Атырау-Астрахан» магистралды тас жолы бойынша жоспарланған жұмыстардың белгіленген кестеден кешіктірілуінің себеп-салдары талқыланды. Осыған орай туындаған сауалдарға мәселеге жауапты ведомостволар мен мемлекеттік құрылымдар, жол жөндеу жұмыстарын міндетіне алған мердігер кәсіпорындардың басшылары жауап берді.

Кездесуге «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жұқабетов, Индустрия және инновациялық даму министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков, Мәжіліс депутаттары Дүйсенбай Тұрғанов, Сәлімжан Нақпаев, Серік Ерубаев және Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов қатысты. 

Қорытындысында, аяқталуы 2022 жылға жоспарланған «Атырау-Астрахан» жолының құрылысы жобаға ішінара өзгерістер енгізіліп,  қаржы көлемінің қайта нақтылануына байланысты оның 2023 жылға ығыстырылғаны айтылды. Ал,  биылғы сәуір айынан бастап бұл нысанда жұмыстардың одан әрі жалғасын табатыны туралы қаперленді. Мәлімделгеніндей, әу баста құрылысқа пайдаланылатын негізгі материал – топырақ қабаты құрамының толыққанды зерттелмеуі , оның үстіне бүкіл ел бойынша пандемияның белең алуы салдарынан жұмыс тоқтатылған. Бұл туралы Үкіметке, салалық министрлікке депутаттық сауал жолданған.

Одан бөлек, кездесуге қатысушы тараптар құрылыс-жөндеу жұмыстары осыдан бірнеше жыл баслғанымен, түрлі себептермен кейінге ығыстырылып келе жатқан облыстық маңыздылықтағы «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автокөлік жолының құрылысына қатысты да мәселе көтерілді. Бұл жөнінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиев хабарлама жасады. Кейбір мәселелер төңірегінде түсінік берді.

 

Дәулетқали АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521