Атырау-Астрахан тасжолының 9 шақырымы пайдалануға берілді

(0 Votes)

Атырау – Астрахан автожолының (824-833) шақырым арасы көлік қозғалысы үшін ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау – РФ шекарасы (Астрахан) автожолының Атырау облысына қарасты учаскесінің ұзындығы 217 шақырымды құрайды. Тасжол 4 учаскеге бөлінген. Оның алғашқы (824-833 шақырым арасы) 9 шақырым құрайтын бөлігінің төменгі қабат жабындысы арқылы көлік қозғалысына рұқсат берілді.

Жол төсемінің ені - 9 метр, қалыңдығы - 57 сантиметр. Жоба аясында 220 маман мен 163 арнайы техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, жолдың бойында орналасқан елді мекендердің тұсына мал өтетін өткелдер мен автобус аялдамалары, көлік тұрағымен қоса көпірлер салынады деп жоспарланған. Еске сала кетейік, Республикалық маңызға ие «Атырау-Астрахан» тас жолы бойынша қайта жаңғырту жұмыстары 2018 жылы басталды. 2023 жылы толықтай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика