Жыл басынан бері Атырау-Астрахан тасжолында 1 адам қаза тапты

(0 Votes)

Республикалық маңызы бар Атырау-Астрахан тас жолында жол-көлік оқиғалары азайған. Биылғы апатты жағдайлар саны былтырғымен салыстырғанда 4 есеге төмен.

Қазір күре жолда түбегейлі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тәртіп сақшыларының сөзінше, қайғылы оқиғаға ауыр жүк көліктері де душар болады.

Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы

Биыл жыл басынан Атырау–Астрахан тасжолында болған екі жол-көлік оқиғасынан 1 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды. Олардың біріне ауыр жүк көлігінің қатысы болған.

Қауіп-қатерге толы жолдың ойқы-шойқы шұңқырларынан мезі болған жүргізушілер мен жүк тасымалдау компаниясының өкілдері жөндеу жұмыстарының аяқталуын асыға күтіп жүр.

Растям АЖГЕЛЬДЕЕВ, жүк тасымалы компаниясының басшысы

Жол күйі нашар болғандығы себепті қолайсыздық өте көп. Жүктің кешіктіріліп жеткізілетін уақыты тағы да бар. Қазір мақсатты жерге жетуге 8-10 кейде 12 сағат уақытымыз кетеді. Сол себепті де тауарларымыз теңселіп, сапасыз күйде жетеді.

Кәсіпкердің мұңы көпшіліккке таныс. Дегенмен жөндеу жұмыстары аяқталған соң жол апаты тағы азаяды деген үміт те жоқ емес.

https://caspianlife.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521