Атырау-Астрахань (Ресей шекарасына дейін) автомобиль жолының ұзындығы 277 шақырым

(0 Votes)

Оның 60 шақырымы Мемлекет қаржысына салынуда. Осы жылы толық аяқталуы тиіс. Ал қалған 217 км жол халықаралық банк қаржысы есебінен жүргізілуде.

Жолдың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық тіпті саяси маңызы өте зор екені белгілі. Осыған қарамастан соңғы кезде оның жұмысы саябырсып, ол жағдай тұрғындардың алаңдаушылығын тіпті құрылыс жұмысы тоқтап қала ма деген үрейін туғызып отыр.

Адамдар маған да хабарласуда. Сенат депутаты ретінде осы жолдың басталуына қозғау салып басы қасында жүргесін қазірғы жайына да араласқанымды жөн санайды.

Менің бүгінгі қызметім мен маған жүктелген жұмыс ауқымы жол жұмысына бұрынғыдай тікелей араласуыма мүмкіндік бермейді. Дегенмен, елдің өтініші болғасын "Қазавтожол" ҰК" АҚ-ның жаңадан тағайындалған Басқарма Төрағасы Асқар Мұратұлына жолықтым. Осы саланың қыр-сырын білетін, орталықта да жергілікті жерде де жұмыс жасап ысылған азамат екен.

Мән жайды біліп отыр. Кадрлық және ұйымдастыру шараларын алып, жұмыстың жүруіне жұмыстанып отырғанына көзім жетті. Атыраудың ардагерлеріне де аяқтай барып жолығып шығыптым. Халықаралық қаржы ұйымының қаржысы болғандықтан құжаттарды заңдастыру уақыт алады. Дегенмен, алдағы уақытта жұмыс дұрыс жолға қойылады деп ойлаймын. Бұл мәселе өңірден сайланған Парламент депутаттарының да назарында шығар.

Сәрсенбай Еңсегенов

Астана 30 маусым 2021 ж

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521