banner_damu

Атырауға жыл басынан бері 179 этникалық қазақ отбасы көшіп келген

(0 Votes)

Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырау облыстық Жұмыспен қамту басқармасының мәліметінше 179 отбасыны құрайтын 254 этникалық қазақ елге оралған. Өзбекстан Республикасынан 232 адам, Қытай Халық Республикасынан 19 және Ресей Федерациясынан 3 адам көшіп келген. Олар облыс орталығына және Исатай мен Жылыой, Мақат аудандарына қоныстанған.

- Елге оралған қандастардың 180-і еңбекке қабілетті жаста. 35-і мектепке дейінгі балалар. Ал, мектеп жасындағы балалар саны 33 және 6 зейнеткер бар – деліген басқарманың баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау үшін бұрын берілген оралман мәртебесін алты айдан аспайтын мерзімге бір рет ұзарту туралы 37 адамға шешім қабылданды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика