Атырауға тағы 68 тонна қант келді

(0 Votes)

Атыраудағы Ярмарка Retaіl супермаркеті желісіне 68 тонна қант келді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі.

-Қазір облысқа Көксу қант зауытынан 68 тонна қант келді. Есепке алынған соң, бірер күнде саттыққа шығарылады. Алдағы уақытта 4-5 күннен кейін тағы 66 тонна, содан соң 64 тонна қант келеді деп күтілуде. Осылайша, әр 4-5 күн сайын келе береді, - деді Ярмарка Retaіl супермаркетінің қойма меңгерушісі Клара Шарипова.

Ал, Ярмарка Retaіl супермаркетінің меңгерушісі Гүлмира Ғизатуллина әзірге қант тапшылығы болып көрмегенін айтты. Тек сөрелердегі қант азайған сайын толықтырып отыратынын атап өтті. Мұнда қанттың келісі 385 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, Атырау қаласында Ярмарка Retaіl және «7я» супермаркеттерінің 15 нүктесі бар.

Еске салып өтейік, екі күн бұрын Идеал және Лидер супермаркеттеріне 66 тонна қант келгенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика