«Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының жаңа орынбасарлары тағайындалды

(0 Votes)

 

«Атырау-Ақпарат» директорың бірінші орынбасары қызметіне Рауан Сәбитов, шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып Серік Қабдолов тағайындалды, 

Жаңа орынбасарларды ұжымға «Атырау-Ақпарат» басштабысы Ысқақ Егембердиев таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі. Рауан Сәбитұлы 1985 жылы дүниеге келген.
Білімі - жоғары.
2010-2012 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін әлеуметтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Журналистика магистрі, журналистика және саясаттану факультетінің докторанты дәрежесі бар.
Малайзия, Словакия, Оңтүстік Корея, Түркия елдерінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырған.
Еңбек жолын 2005 жылы республикалық «Ана тілі» газетінде тілші болып бастаған. 2008-2016 жылдары аралығында редактор-жүргізуші, бас редактордың орынбасары, бас редактор, «Қазақстан-Атырау» телеарнасы директорың орынбасары қызметтерін атқарған.
2017-2018 жылдары «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорың орынбасары лауазымында болған. Соңғы еңбек еткен орны - «Жайық Пресс» ЖШС директоры.

0

Серік Балтабайұлы 1972 жылы туған. Білімі - жоғары. Еңбек жолын 1993 жылы «Атырау» телерадиокомпаниясында оператор, тілші болып бастаған.
1997-2020 жылдары аралығында шолушы, меншікті тілші, продюсер, Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, бас редактор, бөлім басшысы сияты түрлі лауазымда еңбек еткен. 2020 жылдан бүгінге дейін Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің басштабысы қызметін атқарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521