«Атырау – Ақпаратқа» жаңа орынбасар тағайындалды

(0 Votes)

«Атырау-Ақпарат» ЖШС Бас директорының орынбасары болып Қазақстанның Құрметті журналисі, «Ақпарат саласының үздігі», ҚР Мәдениет қайраткері, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Исатай Балмағамбетов тағайындалды.

Ұжымға Исатай Құндызбайұлын «Атырау-Ақпарат» ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы Серік Қабдолов таныстырды.

Исатай Құндызбайұлы 1983 жылы еңбек жолын облыстық «Коммунистік еңбек» газетінен бастаған болатын. Қазақ журналистикасының атасы Тауман Амандосовтың үміт күткен шәкірті ұстаз сенімін ақтады.

Ұзақ жылдар бойы республикалық «Лениншіл жас», қазіргі «Жас Алаш» газетінің меншікті тілшісі болды. «Ақ Жайық» газеті қазақ редакциясының жауапты редакторы, «Атырау -Қазақстан» облыстық телевидениесінің бөлім меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы, республикалық «Алтын Орда» газетінің директор – Бас редакторы, «Атырау» облыстық газетінің бас редакторы, «Сарайшық» журналының бас редакторы қызметін абыроймен атқарды.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде журналистика мамандығы бойынша студенттерге тәлім беріп келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика