«Қасымдағы адам өлгенде қауіпті екенін түсіндім»

(0 Votes)

«Рамблер» агенттігі 26 жасар ресейлік Виталий Исавниннің Балашиха қаласындағы ауруханада коронавирустан сауығып шыққанын жазады.

«Қызу көтерілгенде салқын тиген шығар деп ойлап мән бермедім. Одан кейін оған жүрек айнуы қосылды. 6 мамыр күні түнде дем жетпей ояндым. Кереуетімнен тұрғанда басылып, жатқанда кері қайталанды. Ақыры «жедел жәрдем» шақыртып, ауруханадан бір-ақ шықтым. Мұнда індет жұқтырғанымды анықтады. Екі апта емделдім. Көшеде еркін жүрсең, бетіңді жел желпісе өмірде бәрі жақсы екенін ұғынасың. Ауруханада мүлдем бөлек атмосфера. Бетпердемен, арнайы киіммен жүрген дәрігерлермен еркін әңгімелесе алмайсың. Бұл дерт әркімде түрліше өтеді. Сондықтан менің жолым болды деп есептеймін. Бұрын індет жайлы жазып, сақтандырып жатса да мән бермеппін. Өтірік сияқты көрінетін. Әлдекімдер пайда табу үшін ойлап шығарған нәрсе деп ойлайтынмын. Қасымда жатқан адам өлгенде ғана қандай қауіпті екенін түсіндім. Сол күннен бастап өмірімнің әрбір болмашы сәттеріне дейін бағалай бастадым. Өмір қымбат екенін ұқтым. Жастай өлгім келмеді. Сүйген қызымды ойладым. Қазір мен көлігімде ғана бетпердені шешемін. Қаншама ыңғайсыз болса да көшеде, қоғамдық орындарда оны тастамаймын. Біздің өміріміз үшін күрескен барлық дәрігерлердің алдында өзімді қарыздармын деп санаймын», дейді жігіт.

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT