“Өзгеріс көшбасшылары” жас саясаткерлер мектебі жобасы аясындағы Астана қаласындағы тағылымдамамыздың бірінші күні аяқталды. Бүгін “Өзгеріс көшбасшылары” жас саясаткерлер мектебінің қатысушылары төмендегі аталған мекемелердің жұмысымен таныстық.
- “Samuruk-Kazyna Trust” корпоративтік қоры;
- Ozge Epic өнер кеңістігі;
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
- Жастар және отбасы істері комитеті;
- “El Umiti” корпоративтік қоры;
“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры — Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту, стратегиялық маңызды салалар мен кәсіпорындарды басқару мақсатында құрылған мемлекеттік қор. 2008 жылы құрылып, оның негізгі мақсаты — ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру, ірі ұлттық компанияларды біріктіру, сондай-ақ елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдарға түрлі грант беру қағидағалармен таныстық.
Мәдениет және ақпарат министрлігі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірі болып табылатын министрлік, оның негізгі міндеті мәдениет, ақпарат, коммуникация және туризм салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Бұл министрлік ұлттық мәдениетті, өнерді, әдебиетті, тарихи мұраны қорғауды және дамытуға жауапты. Сонымен қатар, ақпараттық кеңістік пен бұқаралық ақпарат құралдарын, жастар саясатына үйлестіруге міндетті. Министрлік қоғамдық қорларға арналған түрлі байқауларға қолдау көрсететін, алдағы атқаратын жұмыстарымен таныстым.
“El Umiti” корпоративтік қоры — Қазақстандағы әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды қолдайтын коммерциялық емес ұйым. Қордың негізгі мақсаттары — қоғамның әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету, жастарды қолдау, білім мен мәдениет саласын дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту. Қор түрлі әлеуметтік, гуманитарлық және мәдени бағдарламалар арқылы еліміздің дамуына үлес қосып келеді. Қор мектеп оқушыларына арналған түрлі олимпидалар және ұстаздарға арналған бағдарламалар жасақталып жатыр екен. Қай бағдарлама болмасын барлығыда аса пайдалы жоба.
Жоба аясында тағылымдаманың әлі екі күні Астана қаласында жалғасын табуда.
Азамат Абдуллаев,
“Құрманғазы-Туған жер” қоғамдық қор төрағасы