АШМ Каспий мен Бұқтырма су қоймасының айдынын балық өсірушілерге конкурссыз бермекші

(0 Votes)

KAZINFORM – Мәжілісте балық шаруашылығын дамытуға арналған заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып жатыр. Депутат Ерлан Саиров осы құжаттағы көлдерді балық өсірушілерге конкурссыз беру нормасына қарсылық білдірді.

«Заң жобасында жаңа өндірістік объектілер салуға инвестор 550 млн теңге берсе, және сол өндірісті жаңғыртуға 370 млн теңге салса, сол инвесторларға балық шаруашылғы айдынын, яғни көлдерді конкурс өткізбей, тегін беру қарастырылған. Енді сол көлдерді конкурссыз тегін беру сыбайластыққа алып келмей ме? Ертең сол жерде конкурс өткізгендердің көкесі, құдасы жүрмей ме?», - деп сұрады Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин сыбайластық тәуекелін инвестициялық комиссия арқылы азайтатындарын айтады.

«Су айдындарды конкурссыз беру саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін керек. Қазір резервте арнайы тұрған айдындар бар. Ол – ірі және терең су аймақтары. Айтайық, Каспий теңізінде, Бұқтырма су қоймасында осындай шаруашылықпен айналысуға болады. Бұл жерде айдындар конкурстан тыс берілетіндіктен, инвестициялық комиссия бекітетін болады. Оның құрамына уәкілетті органдардың, жергілікті әкімдіктердің, бассейндік инспекция өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілдері, салалық кәсіпорын өкілдері кіреді. Сондықтан бұл жерде шешімді бір адам қабылдамайды. Яғни, сыбайластық тәуекелін азайтады деген ойымыз бар», - деді вице-министр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT