АРМИЯҒА БАРУДАН ЖАЛТАРМА!

сурет ғаламтордан
(0 Votes)

ӘСКЕРГЕ БАРУ – АДАЛ ҚЫЗМЕТ ПЕН ОТАН АЛДЫНДАҒЫ ҚАСИЕТТІ БОРЫШЫҢ. АУДАНЫМЫЗДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ТАМЫЗ АЙЫНЫҢ АЯҒЫНАН БАСТАП КЕТТІ. БҰЛ НАУҚАН ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНЫҢ АЯҒЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕГІ ӘСКЕРИ ЕСЕП ЖҰМЫСЫНА ЖАУАПТЫ МАМАНДАР ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫҢ АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМГЕ КЕЛУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ ТИІС. БҰЛ ОРАЙДА АТА-АНАЛАР ДА ӨЗ ҰЛДАРЫНЫҢ ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ БАРУҒА СЕПТІКЕРІН ТИГІЗУГЕ ТИІС. ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ҚАТАРЫНА БАРУДЫҢ КӨП ЖЕҢІЛДІКТЕРІ БАР. «ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНА СӘЙКЕС, ӘСКЕРЛЕРДЕ МЕРЗІМДІ ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ КИІМ-КЕШЕКПЕН, АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН, ҚАРЖЫМЕН ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САҚТАЛАДЫ.

Әдеттегіше әскерге шақыру мен мерзімді әскери қызметтен запасқа шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады, елеулі өзгерістер болмайды. Яғни айтқанда мерзімді әскери қызмет бұрынғыша 1 жыл. Қазіргі күні мерзімді әскер қатарына барып келген азаматтар үшін Қорғаныс Министрлігінде тегін оқуға ҰБТ-сыз оқуға түсу мүмкіндігі бар. Арамызда әскерге барып келгеннен кейін жоғары оқу орындарына түскендер жетерлік. Мысалға айталық, 2001 жылы туған Қуандықұлы Асылбек пен 2004 жылы туғант Қайыржан Шәмші Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне тегін грантқа оқуға түсті. Тағы да бір мысал, былтыр 2024 жылдың күзінде Жамбыл облысына әскери борышын өтеуге кеткен Көптоғай ауылынан Қайыржанұлы Бақтияр М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне тегін оқуға түсуге сертификат алып келді. Мұндай мүмкіндіктер келесі жылы да жалғасын таба беретін болады. Одан басқа несиесі бар әскерге шақырылушылар үшін мерзімді қызметі аяқталғанша несие каникулы қарастырылады.

Алайда кейбір ұландарымыз «жұмыстамыз бара алмаймыз, еңбек етуім керек» деп уәждемелерін айтады. Мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда жұмыс орындары сақталатыны ескерткім келеді. Бұл туралы Еңбек Кодексіне «Мерзімді әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын жұмыскерлердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті әскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде – жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал мерзімді әскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады» өзгеріс енгізілді. Заң бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскер әскери қызметтен шығарылуға немесе әскери жиындардың аяқталуына байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісетіні айтылған.

Егерде әскер қатарына шақырылудан еш себепсіз бас тартып, медициналық комиссияға келмей жалған ауру құжаттар жасап келмеген жағдайда ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 387 бабы бойынша айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімінде бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қазіргі күні біздің практикамызда денсаулығы жарамды бола тұра әскерге барғысы келмейтін азаматтардың үстінен қозғалған қылмыстық істер аудандық полиция бөлімі арқылы аудандық сотқа жолданған күндерде болған. Соттың шешімімен сотталды деп айтуға толық негіз бар. Сол себепті қазірден бастап, әскерге барғысы келмейтін азаматтардың қаперіне Қылмыстық Кодекстің аталмыш баптары бойынша жинақталған материалдар аудандық полиция бөлімі арқылы сотқа жолданатындығын қаперлеймін. Жастайынан біреудің емес, өзіңіздің конститутциялық Отан алдындағы борышыңызды өтеуге немқұрайлы қарап, болашақ өміріңізге балта шаппағаңыз дұрыс. Жастықтың желеуімен қылмыстылыққа ұрынғандар болашақта жақсы жұмыстарға тұра алмауы да мүмкін. Өйткені Қылмыстық Кодекс баптарының құрсауына ілінген қандайма болмасын материалдар өздерінің уақыты болмайынша базадан алынбайды. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметке немесе басқа да абыройлы қызметке жұмысқа тұрғыңыз келсе бұл жағдай алдыңыздан шығары анық. Сондықтан әскерге барудан қашпаңыз, қатарыңыздан қалмағаның абзал.

Ернар МҰХАМБЕТАЛИЕВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT