Ардагер спортшы атындағы кіші аяқ доптан өткен турнир өтті

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында аудан спортының дамуына үлес қосқан, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, жазушы, журналист Сарсекеев Мадат Хамзаұлының 80 жасқа толуына орай кіші аяқ доптан аудандық турнир өтті.

Аудандық Ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет және спорт бөлімі мен мерейгердің ұрпақтары атынан ұйымдастырылған ашық турнирге 6 команда қатысып, бақтарын сынады. Олар: Құрманғазы ауданы әкімдігі, Құрманғазы Аудандық Аурухана, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, Шекарашылар, Бұзауслан ауылы, Ардагерлер құрамасы. Турнирдің ашылу салтанатында ардагер спортшының әріптесі, журналист Асқар Ғұмаров, туыстары атынан Өтежан Дайынов, үзеңгілес інісі, спорт ардагері Серік Сапарғалиев сөз сөйлеп, сайысқа түспек командаларға сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысымен : І орын Құрманғазы ауданы әкімдігі командасы ІІ орын Шекарашылар командасы ІІІ орын Ардагерлер командасы ІҮ орынды Бұзауслан командасы иеленді. Кіші аяқ доптан турнирдің жабылу салтанатында Ардагерлер командасынан Жандос Бектемиров сөз алып, мерейгердің спорт саласындағы жетістіктерін, қатар жүріп түрлі додаларға қатысқанын еске алып, құттықтау сөз арнады. Сонымен қатар, спорт ардагері Серік Сапарғалиев Мадат Хамзаұлының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Шара соңында аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Мурадым Қайсаев сөйлеп , командаларға кубок, диплом, медальдар және ұрпақтары атынан ақшалай сыйақылар табыстады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT