Аптап ыстық қай өңірлерде күтіліп отыр? Синоптиктер ескерту жариялады

(0 Votes)

Дүйсенбіде елімізде қатты ыстық болады, жел күшейіп, кей өңірлерде өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17 мамырда Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер ететіндіктен, күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, орталық және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде, оңтүстік және оңтүстік-батыста жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысында, Маңғыстау облысында таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Түркістан облысында екпіні 25 м/с жетеді. Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында, күндіз Атырау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай, оңтүстік Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық болады. Қызылорда облысының басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT