Антыңа адал бол-жас сарбаз!

(0 Votes)

Әскери қызметке, әскерге шақыруға іріктеп алу мұқият және жауапкершілікті талап етеді.

Жыл өткен сайын әскер қатарына шақырылушыларға қойылатын талаптар күшейтілуде. Өткен жексенбіде Батыс Қазақстан облыстарынан келген «Көктем 2022» шақырылымының жас шекарашылары ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінде Отан алдында Әскери ант қабылдады. Салтанатты рәсім Жауынгерлік ту шығарылып және Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталды. Келгендеріне небәрі аз уақыт болса да жауынгерлеріміздің айбыны асқақ, қимылдары ширақ. Әскери тәртібі қатаң өмірге кеше ғана қадам басса да, жауынгерлер Әскери ант қабылдау салтанатында өздерін сенімді ұстады. Рухы бекем сарбаздар Отан алдында өзіне артылған жауапкершілікті жан-тәнімен сезінгендей. Әрине, бұл сарбаздар әскерге «Отан қорғаймын, Тәуелсіздік туын биікке көтеремін, ел сенімін ақтаймын» деп мақсат қойып келгені анық.

img-20220426-wa0063

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген сарбаздардың биылғы ант қабылдау рәсіміне сарбаздардың ата-анасы мен жақындарының қатысуына рұқсат етілді. Соңғы екі жылда пандемияға байланысты мұндай салтанатты іс-шараға әскерилерден басқа ешкім қатыстырылмаған еді. Отан алдында адал қызмет етемін деген сарбаздар әскери тәртіпті үйреніп болып, ендігі кезекте Шекара қызметінің қыр-сырларын үйренеді. Кейіннен қолға қару алып мемлекеттік шекарамызды қорғауға шекара шебіне жіберіледі.

Шара келген ата- аналармен қонақтарға арналаған әскери итердің көрінісімен жалғасты. Олар әскери пәрмендермен қылмыскерді ұстау тәсілдерін көрсетті. Ол үшін департаментке қарасты бөліммен бөлімшелердің дайындығы мықты кинологтары шақыртылды. Арнаулы мақсаттағы іс-қимылдар тобының киім үлгісімен болашақ ел қорғаушы ұландар танысты. Жиын соңында қонақтар шекара қызметі туарлы бейне роликтер тамашалады. Балаларының жүздерінен нағыз рухты сарбазды көрген ата -аналары қуаныштарын жасыра алмады. Шекаршыларға баларын аз уақытта әскери етіп дайындағанына ата аналары алғысын білдірді.

img-20220426-wa0066

Өмірбат Айтәлі ақпарат бөлімінің офицері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT