Антикордың Превенция қызметінің басшысы Атырау облысының бизнес қауымдастығымен кездесті

(0 Votes)

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Атырау облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдің бизнес-қауымдастығымен кездесті.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерінің проблемалық мәселелерін айтып, оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізді.

Өз сөзінде  Саян Ахметжанов әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдарға бизнеске жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.

Кедергілердің ең көбі жер қатынастары мен инфрақұрылым салаларында анықталды. Олар барлық шешілген жағдайлардың үштен бірін құрайды.

Мысалы, Атырауда әкімдік кәсіпкерге бизнесті кеңейту үшін ұзақ уақыт жер алуға құқық бермеді. Бұған заңды негіз болған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін ғана мәселе шешілді, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды, ал кәсіпкер қажетті жер учаскесін ала алды".

Саян Ахметжановтің айтуынша, бұл салада жалға алуды ұзарту тәртібін регламенттеудің болмауы бөлігінде жүйелік кедергі жойылған. Біздің ұсынысымыз бойынша тәжірибе тоқтатылды.

Мәселелердің тағы бір үлкен тобы мемлекеттік сатып алулар мен салықтарға байланысты.

Мемлекеттік сатып алу желісі бойынша негізгі проблема орындалған шарттарды уақтылы төлемеумен байланысты.

Саян Ахметжановтың сөзінше, Атырау облысының 150-ден астам кәсіпкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарынан кейін ғана тапқан ақшаларын ала алды.

"Мұндай жағдайларды жүйелі түрде жою үшін Қаржы министрлігі төлемнің кешігуін автоматты түрде анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталының функционалын пысықтайды".

Кездесу барысында айтылған барлық проблемалық мәселелер бақылауға алынды. Барлық кәсіпкерлерді кез келген проблемалық мәселелермен Атырау облысының кәсіпкерлер палатасына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгінуге шақырамын", - деп түйіндеді модератор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT