Антикор 853 атыраулық кәсіпкердің құқығын қорғады

(0 Votes)

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ерұлан Серікқалиевтің қатысуымен өткен өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифинг барысында айтылды.

Жоба басталғаннан бері Департаментке кәсіпкерлік субъектілерінен 64 өтініш келіп түсті. Көп жағдайда, кәсіпкерлер мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-әрекеттерінің заңдылығы, салықтық әкімшілендіру, бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу, СЖТ беру мәселелері және т. б. мәселелері бойынша жүгінді.

Мәселен, Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғалары жоспарланған құрылыстың бекітілген Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен салу схемасына сәйкес келмеуіне байланысты Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) беруден бас тартқан.

Бұл ретте, кәсіпкер жер учаскесінің нысаналы мақсатын ЖТҚ-дан балабақшаға өзгертті, сондай-ақ балабақшаға жаңа техникалық паспорт алды. Осы мәселені қарау қорытындысы бойынша облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Атамекен ӨКП - мен бірлесіп уәкілетті органдармен кездесу ұйымдастырып, нәтижесінде кәсіпкердің өтінімі мақұлданды, ал кінәлі тұлғалар 25 МРП көлемінде айыппұл түрінде рұқсат беру тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны үшін 465-бап 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Е.Серікқалиев.

Брифинг соңында Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруге тыйым салынғанын еске салды. Департаментпен заңсыз сыйақы бергені үшін 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, қала тұрғыны Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасының шотына компанияға тиесілі арнайы техниканы жыл сайынғы техникалық байқаудан өткені үшін 5 000 теңге көлемінде материалдық сыйақы аударып, нәтижесінде оған 345 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521