АМӨЗ мамандары технологиялық процестерді модельдеу бағдарламасын меңгеруді жалғастыруда

(0 Votes)

Атырау мұнай өңдеу зауытының оқу орталығында Aspen Hysys бағдарламалық жасақтамасын пайдалану арқылы мұнайөңдеу процестерін модельдеу бойынша бес күндік курс өтті. 

Курсқа өндірістік департаменттің, техникалық және жоспарлау бөлімдерінің инженерлері, басқару пульті және технологиялық қондырғылар операторлары, сондай-ақ Павлодар мұнай-химия зауыты мен Қазмұнайгаз қызметкерлері қатысты. Оқудың бірінші кезеңінде студенттер теориямен танысса, практикалық семинар барысында кинетикалық және математикалық модельдерді пайдалану арқылы қондырғыларды, реакторлар мен колонналарды модельдеу бойынша тапсырмаларды орындап, процестің тиімділігін бағалап, инженерлік зерттеулер жүргізді.  

«Бұл біз жұмыс істеп жатқан ең ауқымды курс. Ол өндірісті зерттеу және оңтайландыру жобаларына жауапты инженер-технологтар үшін, сондай-ақ жабдықтың жұмысын түрлі жағдайда тексеру үшін пайдалы», - дейді оқытушы, AspenTech компаниясының техникалық қолдау аға инженері Илья Панов. 

Курс барысында игерілген ақпарат АМӨЗ мамандарына зауыттағы технологиялық процестерді өз бетінше модельдеуге, қондырғылар мен құрылғылардың жұмыс параметрлерін жақсартуға, өндірісті оңтайландыруға және жоспарлауға көмектеседі. Ал аталған шаралар экономикалық тиімділікке әкеледі.

Еске сала кетейік, 2020 жылы «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰҚ-ның еншілес кәсіпорындарын цифрландыру аясында АМӨЗ-де Aspen Hysys бағдарламалық жасақтамасы енгізілген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT