АМӨЗ Талдыкөл ауылында эко-акция өткізді

(0 Votes)

Атырау мұнай өңдеу зауыты Талдыкөл ауылындағы Жайық өзенінің жағасында кезекті экологиялық тимбилдинг өткізді.

Іс-шараға 200-ге жуық зауыт қызметкері мен олардың балалары қатысты. Акцияның мақсаты – тек қала аумағындағы ғана емес, сонымен қатар шалғай елді-мекендердегі тазалықты сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару.

«Айналадағы тазалық үшін әрқайсымыз жауаптымыз. Зауыттықтар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларға көп жылдар бойы белсенді қатысып келеді. Көпшілігіңізде экологиялық мәдениет қалыптасып үлгерді деп ойлаймын. Мұндай іс-шараларға балаларыңызбен бірге қатысатындарыңыз ерекше қуантады. Өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, тазалық пен еңбекке баулудың маңызы зор. Бүгінгідей акциялар экологияға пайдасын тигізіп қана қоймайды, сонымен қатар ұжымды біріктіріп, командалық рухты нығайтады», - деді АМӨЗ-дің бас директоры Мұрат Досмұратов.

Эко-тимбилдинг барысында 30 га аумақтан 20 текше метрге жуық қоқыс жиналып, шығарылды. Тазалау жұмыстарына 2 самосвал мен 1 жүктиегіш жұмылдырылды. 2021 жылдан бері АМӨЗ Махамбет ауданының әкімдігімен екіжақты келісім негізінде аталмыш аумақта санитарлық тазарту шараларын өткізіп, жиналған қоқысты уақытылы шығару жұмыстарын өз міндетіне алды. Эко-акция табиғат аясындағы спорттық ойындармен аяқталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT