АМӨЗ-дің өндірістік активтері қайтарылды

(1 Vote)

Қазақстан Республикасының экономикасын монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның 2022 жылғы 29 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Атырау МӨЗ бұрын аутсорсингке берілген техникалық сервис функцияларын өз қызметіне қайтару жұмыстарын бастады.

Осыған орай «АМӨЗ» ЖШС-де сервистік компаниялардың функцияларын зауыт қызметіне бір қалыпты көшіру шараларын жүзеге асыру үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдерімен бірлескен жұмыс тобы құрылды. 2023 жылдың 1 наурызынан бастап Атырау МӨЗ-дің құрамына технологиялық және динамикалық жабдықтардың, металл конструкциялары мен ғимараттардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету (жөндеу-механикалық цех), электр жабдықтары мен электр желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету (электр цехы), бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету (бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика цехы) және жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу (жобалау-конструкциялау орталығы) бойынша зауыттың технологиялық процестеріне қатысқан цехтар қайтарылды. Атырау мұнай өңдеу зауытының құрамына қосылған қызметкерлердің жалпы саны 650-ден астам.

Баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT