Атырау мұнай өңдеу зауыты 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік қызметін қорытындылады. Көрсеткіштерге сәйкес қаңтар-наурыз айларында кәсіпорында 1 млн 409 мың тонна шикі мұнай өңделіп, өндіріс жоспары 100 пайызға орындалды.
Жалпы бірінші тоқсанда АМӨЗ-де барлығы 1 млн 250 мың тоннадан астам тауарлық өнім шығарылды, оның ішінде дизель отыны – шамамен 367 мың тонна, АИ-92, АИ-95, Супер-98 маркалы автобензиндер – 392 мың тонна, авиакеросин – 32 мың тоннадан астам, сұйытылған газ – 47 мың тонна. Бірінші тоқсанда мұнай өңдеудің орташа тереңдігі – 77,6%-ды құрады, ал өңделген шикізаттың жалпы көлеміндегі ашық түсті мұнай өнімдерінің үлесі 60%-ға жуық.
2023 жылдың наурыз айында өңдеу тереңдігі 82,1%-ға дейін өсті. Осылайша, жоспарланған 485 мың тоннаның орнына 507 мың тоннадан астам шикізат өңделді. Тауарлы өнім өндіру 467 мың тоннаға жуықтады, бұл жоспарланған көрсеткіштен 37 мың тоннаға артық. АМӨЗ шығаратын өнімдер К-4 және К-5 экологиялық кластарының барлық талаптарына сәйкес келетінін атап өткен жөн.
Кәсіпорынның 2023 жылы алдына қойған басты мақсаты – зауыттың тиімділігін арттыру және ішкі нарықты жоғары сапалы мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету болып қала бермек. Сондай-ақ мұнай өңдеу көлемін 5,4 млн тоннаға дейін ұлғайту, өңдеу тереңдігін кемінде 80,15% деңгейінде қамтамасыз ету, мұнай өнімдерінің жоғалуын және технологиялық отынды жағуды 12,17%-ға дейін азайту жоспарланған.