Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі өтіп, оған партияның Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетов пен өңірдегі 16 өкілі онлайын форматты қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алдымен, уақыт талабына сай партияны жаңғырту қажеттігі айтылды. Партия аппаратын тиімділігін жоғарылату міндеті қойылды. Осы орайда, партияның саяси кеңесінің бірнеше мүшесі өзгерді. Екіншіден, саяси ұйым атауы «Amanat» деп өзгертіліп, жаңа мақсат-міндеттер айқындалды.
«Дамудың жаңа кезеңінде партияға жаңа тұғырнама қажет. Негізгі құндылықтарымыз өзгермеуге тиіс. Орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырамын. Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр. Ел бірлігін нығайтып, Жаңа Қазақстанды құру – бәрімізге ортақ міндет. «Береке басы – бірлік» екенін әрдайым есте сақтайық!» деді Мемлекет басшысы.