Ғалымжан Пірматов: Азық-түлік бағасының апта сайынғы өсуі тұрақтанды

(0 Votes)

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында инфляцияның жыл аяғына дейін жоғары деңгейде сақталатынын мәлім етті.

«Қазақстандағы инфляция біздің болжамымыз бойынша, наурыздағы 12%-дан сәуірде барлық компоненттер бойынша баға жылдам өскендіктен 13,2%-ға дейін қарқын алды. Азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4%-дан 17,9%-ға дейін жеделдеді. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне қант, қырыққабат, күнбағыс майы ең көп үлес қосып келеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апта сайынғы өсуі тұрақтанды. Алайда, наурызда жекелеген азық-түлік тауарларға сұраныс артқандықтан бағаның жылдық өсімі жоғары деңгейде сақталып отыр», - деді Ғалымжан Пірматов.

Айтуынша, сыртқы инфляциялық фон сәуірде 10,9%-дан 11,1%-ға дейін жеделдеп, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасын өсіріп тұр.

«Ақылы қызмет көрсету бағасының өсуі 8,3%-дан 8,9%-ға дейін жеделдеді, бұл бірқатар нарықтық қызмет бағасының өсуіне байланысты болды.Тәуекелдерді ескере отырып, инфляция жыл соңына дейін жоғары деңгейде сақталатын болады», - деді Ұлттық банк төрағасы. Бұған дейін Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру шараларын жүргізіп жатқанын мәлім еткен болатын.

 

Inform.kz

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика