Ғалымға құрмет - ғылымға құрмет

(0 Votes)

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Республика күніне орай және тарих ғылымдарының докторы, профессор Сапанов Сайпулла Жұмабайұлының 60 жас мерейтойына арналған Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ және  «Қазақстан және дүние жүзі тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты: даму тарихы және басымдықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның сыртқы саясатының дамуы, мемлекеттің дипломатиялық байланысының нығаюы және әлемнің барлық елдерімен тең қарым-қатынастағы дипломатиялық саясатты ұстанудың маңыздылығын көпшілікке насихаттау мақсатында өткен конференцияға онлайн формат арқалы шетел тарихшы-ғалымдары да атсалысты.

Аталған шараға Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ директорлар кеңесінің төрағасы Арын Амангелдіұлы, Филология ғылымдарының докторы Қадыр Жүсіп Өтегенұлы және «Сарайшық» РМК мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Әбілсейіт Қапизұлы,  Басқарма төрағасы-ректор Саламат Нұрмұханұлы мен профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.   

«Еліміздің дамуында орасан зор маңызы бар, егемендіктің негізіне бастау болған тарихи күнге орай 25 қазанға белгіленген Республика күні биыл 13 жылдан кейін қайтадан жаңа статуста атап өтілетін болады. Республика күні еліміздегі бір ғана Ұлттық мереке дәрежесіндегі күн. Бүгіннен бастап университетте Республика күніне арналған шаралар басталды. Сонымен қатар бүгінгі іс-шара  Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ директоры Сайпулла Жұмабайұлының 60 жас мерейтойымен қатар келіп отыр. Университетіміз үшін бүгін айтулы күн деуге болады» деді,- Саламат Нұрмұханұлы.  

      Жиын барысында профессор Сайпулла Жұмабайұлының қолынан жарық көрген «История развития партийно-политической системы Франции в условиях европейской интеграции» және «Түркияның орта азиялық сыртқы саясатының стратегиялық векторы» атты қос бірдей кітабының тұсауы кесілді.
Майра Ерғали

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика