«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы

(0 Votes)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңға сәйкес алты баланы туып, тәрбиелеген көп балалы аналар алтыншы баласы бір жасқа толған кезде және қалған балалары тірі болған кезде «Күміс алқа» алқасымен, сондай-ақ жетінші баласы бір жасқа толған соң жеті және одан да көп бала туған аналар және қалған балалары тірі болған кезде «Алтын алқа» алқасымен марапатталады.

 «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайын:

• «Күміс алқа» алқаларымен марапатталғандарға-6,4 АЕК немесе 23 629 теңге;

• «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған-7,4 АЕК немесе 27 321 теңге көлеміндегі жәрдемақы беріледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына көп балалы анаға жәрдемақы тағайындау үшін корпорацияға өтініш беру жолымен мына құжаттарды тапсыра отырып жүгіну қажет:

• жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

• "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы ананың наградталғанын немесе атағын алғанын растайтын құжат.

Айнұр ЕСҚАЛИЕВА,«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облыстық филиалы әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521