Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктерге Өзбекстан, Қытай, Сауд Арабиясы азаматтары да қатысқан

(0 Votes)

Алматыдағы тәртіпсіздіктерге негізінен Қазақстан азаматтары қатысты. Бірақ, жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар арасында Өзбекстаннан, Қытайдан, Сауд Арабиясынан келгендер болды.

"Ақиқат"  қоғамдық комиссиясы Қазақстандағы қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерді тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады.

"Ақиқат " комиссиясының құқық қорғаушылары жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды шартты түрде бірнеше топқа бөліп қарастыруда.

бейбіт митингіге шығушылар, хаосты, бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдары арасындағы қақтығыстарды қасақана ұйымдастырушы  топтар, азаматтарды қорқыту арқылы  оларды жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға мәжбүрлеу үшін ұйымдасқан топтар,тапсырма алып, орындаушылар, тәжірибелі басып алушы топтары, олардың ішінде құқық қорғау органдары мен ҰҚК арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері болуы мүмкін;

"Біз ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық қызметкерлерін қылмыстық істерді тергеуден шеттетуді сұраймыз. Біз бұған қатысы бар адамдар тергеумен айналыспауы керек деп санаймыз", – деді белгілі адвокат және комиссия жетекшісі Айман Омарова.

Айта кетейік, "Ақиқат" – қаңтар оқиғасын тергеу үшін құрылған қоғамдық комиссия. Қоғамдық комиссия құрудың бастамашысы - адвокат Айман Омарова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика