Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

(0 Votes)

Бүгін Алматы қаласында қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді.

Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желідегі бейнежазбалардан Алматы тұрығындары үрейленіп, үйінен көшеге, далаға шығып жатқанын байқауға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521