Алғаш рет өнеркәсіптік ауқымда банан өсіріле бастады

(0 Votes)

Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салды. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті. Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді.

Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі. Жобаның құны бірінші кезеңде 4 млн АҚШ долларды құрайды. Түрік компаниясы құрылыс кезінде жоғары беріктігі бар құрылымдарды пайдаланды, жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған, бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін тіпті қолайсыз ауа-райында да толық ашуға мүмкіндік береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика