Алдыңғы кезектегі міндет – агросекторды дамыту

(0 Votes)

Президенттің 2025 жылғы Жолдауында ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлінуі – уақыт талабы. Әсіресе, ауыл еңбеккерлерін қолдау, жерді тиімді пайдалану, аграрлық ғылым мен инновацияны енгізу мәселелерін атап өтуі – біз үшін үлкен серпіліс.

Атырау өңірі негізінен мұнай-газ аймағы ретінде танылғанымен, ауыл шаруашылығы да зор әлеуетке ие. Президент ұсынғандай, су ресурстарын ұтымды пайдалану, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу, агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыру – өңіріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұған қоса, жаңа агротехнологияларды енгізу, жас мамандарды тарту – ауылдың болашағын айқындайтын маңызды бағыттар.

Менің ойымша, Жолдауда айтылған бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыру үшін жергілікті шаруашылықтарға мемлекеттік қолдау мен ғылыми сүйемелдеу қатар жүруі қажет. Сонда ғана ауыл шаруашылығы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің берік тірегіне айналады.

Қосыбек Салтанұлы, 

Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT