Алдағы жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері қанша болмақ?

(0 Votes)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.

«2022 жылғы 1 қаңтардан бастап: жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге; базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн», деп жазылған жобада.

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленген. Оның негізгі мақсаты - 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500-ден 60 000 теңгеге көтеру.

 

Egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика