Алдағы үш жылда Қазақстан ішкі нарықты құс етімен толықтай қамтамасыз етеді

(0 Votes)

2025 жылға қарай Қазақстан ішкі нарықты құс етімен толықтай қаматамасыз етеді.

Бұл туралы ІХ халықаралық құс өсірушілер форумында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2025 жылға қарай құс еті бойынша импортты толықтай отандық өніммен алмастыру жоспарланған. Бұл тұрғыда жаңа құс фабрикалары салынып, қазір қолданыста тұрғандары жаңғыртудан өтеді», - деді А. Сапаров. Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 8 құс фабрикасы пайдалануға берілген. Жобалардың жалпы құны 40 млрд теңгені құрады. Ал жаңадан құрылған жұмыс орындары 500-ге жуықтаған. Өз кезегінде Қазақстан құс өсірушілері одағының президенті Руслан Шәріпов еліміздің бірнеше өңірінде фабрикалар салынып жатқанын айтты. «Менің ойымша, алдағы екі-үш жылда құс етімен ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, үйрек пен қаз өсіретін шаруашылықтар да елімізде біртіндеп дамып келе жатыр», - деді Р. Шәріпов. Биыл Қазақстанда құс өсіру саласында оң көрсеткіштер байқалып отыр. Бұған дейін хабарланғандай, құс жемінің қымбаттауына байланысты құс өсірушілер қиындыққа тап болған. «Құс жемінің бір тоннасы 180-190 мың теңгеге жетті. Құс еті мен жұмыртқаның өзіндік құнының 70 пайызы жемнің бағасына қатысты болады. Егер құс жемі арзан болса, онда біздің өнім де нарыққа төмен бағамен шығады», - деді Р. Шәріпов Қазақстанның құс өсірушілері осы салаға мемлекеттік қолдау жасауды сұрап отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521