ТҮРКИЯ ЕЛІНІҢ АНТАЛИЯ ҚАЛАСЫ ТАРИХЫНЫҢ ТЕРЕҢДІГІМЕН, ТАМАША ТАБИҒАТЫМЕН ТАЛАЙДЫ ТАМСАНТЫП ОТЫР. КУРОРТТЫ ҚАЛАҒА ЖЫЛ САЙЫН ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН САН МИЛЛИОН ТУРИСТЕРДІҢ ЖОЛЫ ТҮСЕДІ. АЛ БҰЛ ЖОЛЫ ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ҚАЛАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ТАБЫСТЫ ӨТТІ. БЕДЕЛДІ AKDENIZ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТКЕН КОН ФЕРЕНЦИЯДА ТҮРКИЯ ЕЛІМЕН ҚАТАР СИНГАПУР, ЖАПОНИЯ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ПЕДАГОГТЕРІ БАС ҚОСТЫ.
«Үздік ұстаз» ғылыми әдістемелік орталығының ба стамасымен өткен бұл жобаға Алматы қаласының білім бөлімі мен Түркия Республикасының Қазақстандағы Бас консулдығы қолдау көрсеткен екен. Ал біздің айтпағымыз, аталмыш конференцияда жерлесіміз, аудандық оқушылар шығармашылық орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі, «Ақ дастархан» үйірмесінің жетекшісі, педагог зерттеуші Гүлжан Жеңісқызы Шакимованың қатысып, спикер болғаны.
-Конференцияның басты мақсаты Түркияның білім беру жүйесімен танысып, озық тәжірибесін зерттеу, халықаралық ынтымақтастық орнатып, ұстаздардың кәсіби деңгейін арттыру болды. Бұл жо бада мен QR кодпен қорғалған «Ұлттық тағам: бүгінгі үйірме, ертеңгі маман» тақырыбын ұсындым. Қазіргі заманда жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығының төмендеуі мен денсаулыққа зиянды тағамдарға әуестігі қоғам үшін өзекті мәселеге айналып отыр. Ал цифрлық дәуірдің қарқынды дамуы – осы жағдайды оңтайлы шешудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Осы тұрғыдан алғанда мен ұсынған жоба ұлттық мұраны заманауи технологиялармен ұштастырудың жаңаша үлгісі болып табылады. Бүгінде балалардың ұлттық тағамдарға қызығушылығы бәсең, фастфуд өнімдері мен жарнамаланған дайын ас түрлері олардың күнделікті тұтыну дағдысына айналып ба рады. Бұл – тек денсаулыққа емес, ұлттық мәдениеттің сақталуынада кері әсер етеді. Бұл жобам – ұлттық мәдениетті жаңғыртудың инновациялық тәсілі. Ол дәстүр мен технологияның үйлесімін көрсетеді. Біздің басты мақсатымыз – қазақтың асыл мұрасы саналатын ұлттық тағамдарды жаңа форматта та нытып, оны ұрпақ санасына заманауи тілде жеткізу. – дейді Гүлжан Жеңісқызы.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ


