«Қаламыздың сұлулығын түрлі түсті бояудың көмегімен көрсеткім келді» дейді атыраулық суретшілер

(0 Votes)

Туған өлкеге деген ыстық махаббатын атыраулық қылқалам шеберлері Жайық жағасында өткен плэнер арқылы жеткізді. Шаһардың алыстан көзтартар көрікті жерлерін кенеп бетіне майлы бояумен көркемдеген суретшілер Атырау қаласының 382 жылдығына осындай сый жасады.

Ш. Сариев атындағы өнер музейі және қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен шарада өңірдің онға тарта суретшісі қатысты. Олар ақ Жайықтың жағасында әсем әннің әуенімен облыс орталығының көрікті нысандары мен орындарын қылқаламмен бейнелеп берді.

–Өзім Атырау қаласында туып өстім. Жүрек қалауыммен осы мамандық бойынша тоғыз жыл біліп алып, қазір Кіші өнер Акедмиясында еңбек жолымды жалғастырып жатырмын. Астанадағы Ұлттық өнер университетінен білім алдым. Плэнер дегеніміз – еркін тақырыпта кенеп бетіне сурет салу. Сондықтан, қаламыздың сұлулығын түрлі түсті бояулардың көмегімен көрсету арқылы өз үлесімді қосайын деп шештім. Бұған дейін Алматы, Астана қалаларында өткен көрмелерге қатыстым,-дейді белгілі суретші Айгерім Кенжеғалиева.

Айгерімнің негізгі мамандығы монументалист болғанымен, танымал суретші Сәуле Бапанованың тәлім-тәрбиесін алып, киіз-қолөнерге де бет бұрған. Сонау Еуропа төрінде өткен көрмелерге қатысқан ол суретші жан-жақты болуы тиіс деп санайды. «Киіз қолөнерімен де айналысамын. Монументал кескіндемемен қатар осы салаға деген қызығушылығым артты»,-дейді Айгерім Табылдықызы.

Айбөпе САБЫРОВА

Соңғы жаңалықтар

Сайлау

ybory-2023-price

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика