“Қаладағы табиғат: болашақ пен үміт”

(0 Votes)

Американдық экологиялық жоспарлау бойынша сарапшы, дизайнер және ағартушы Пол Хеллмундтың “Қаладағы табиғат: болашақ пен үміт” атты дәрісі өтті.

Профессор Хеллмунд – жасыл урбанизм саласындағы жетекші практик және “Ecology of Greenways” (1993 ж.) және “Sustainable Landscapes for Nature and People” (2006 ж.) кітаптарының авторы. Пол жасыл урбанизм және жасыл инфрақұрылым саласында, сондай-ақ қауымдастықтарды сақтау және жоспарлау бойынша инновациялық шешімдерді әзірлеуде үлкен тәжірибеге ие. Он жыл бойы Пол Хеллмунд Массачусетс штатындағы Conway Design School президенті және профессоры болды. Пол Гарвард университетінің Жоғары дизайн мектебінде және Колорадо Мемлекеттік университетінде білім алды. Қазір ол жаһандық экологиялық тұрақтылық мектебінде сабақ береді.

Пол Хеллмундтың “Қаладағы табиғат: болашақ пен үміт” атты дәрісі – Urbanitarium жобасы аясындағы Urban Forum Kazakhstan “Қалалар мен Адамдар” білім беру бағдарламасының бөлігі. «Urbanitarium жобасы «Шеврон» компаниясы мен АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясы арасындағы “Makerspace Expands!” мемлекеттік-жеке серіктестігі арқасында іске асты. Іс-шараның серіктесі: Aurora Space.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика