Қалада армениялық алғашқы көлік тіркелді

(0 Votes)

Атырауда мамандандырылған ХҚКО-да Армениядан әкелінген алғашқы көлік тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЕАЭО елдерінен әкелінген көлікті тіркеу үшін иелері демалыс күнін таңдайды. Бүгін Атырау облыстық мамандандырылған ХҚО-да Армения Республикасынан Қазақстанға әкелінген алғашқы көлік тіркелді. Автокөлік иелеріне қолайлы болуы үшін ЕАЭО елдерінен жеткізілген темір тұлпарларды тіркейтін автоХҚО демалыс күндері де жұмыс істей береді», - деп хабарлады аймақтың ПД баспасөз қызметі.

«Тойота Камри» маркалы автокөлік иесі – 29 жастағы Атырау тұрғыны.

«Мен көлікті бір жыл бұрын Армениядан алып келдім, тіркейін деп шештім. Бүгін сенбі, автоХҚО демалыс күндері де жұмыс істей беретіні өте қолайлы. Бұл жерде мемлекеттік баж салығын төледім, маған көлікті ресми түрде рәсімдеді. Барлық рәсімдеу процесі тез өтті. Енді менің автокөлігім елде заңды негізде тіркеуде тұр», – деп түсіндірді Аслан Иманғалиев.

 inform.kz 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика