Мұғалім – бұл қоғамдағы ең маңызды және құрметті адамдардың бірі. Олар біздің балаларымызды оқытып, тәрбиелеп, олардың болашағын қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Мұғалімдердің еңбегі өте қиын және жауапты, бірақ сонымен бірге өте маңызды.
Нағыз мұғалім – бұл өз ісін сүйетін, балаларға жанашырлықпен қарайтын және олардың әрқайсысына жеке көзқарас таба білетін адам. Ол өзінің білімімен бөлісіп, оқушыларды жаңа нәрселерге үйретеді, сонымен қатар олардың бойындағы жақсы қасиеттерді дамытуға көмектеседі.
Мұғалімдердің арқасында біздің қоғамымыз дамып, алға жылжиды. Олар біздің болашағымызды тәрбиелейді, сондықтан да оларға деген құрметіміз шексіз болуы керек.
Міне осындай еселі еңбектің жемісін сонау Астана төрінде иеленген ұстаз-Ұлан Өтешқалиұлы Иманғалиев. Ол С.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ҚР Журналистер одағы мен Халықаралық Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы.
Күні кеше ғана Астанада өткен "Қасиетті мекен, киелі өлке-Құрманғазы" атты үш томдық кітаптың тұсаукесеріне аудан өлкетанушыларымен бірге делегат болып барып қатысып, сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың "Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс" атты бағдарламалық мақаласындағы білім беру жүйесіндегі құндылықтарды білім беру ұйымдарындағы педагогтері арасында насихаттау негізінде "Жаңа Қазақстан" республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырған республикалық байқауда 1 орын алып, "Ы.Алтынсарин атындағы педагогтердің ұлттық сыйлығын" иеленді.
Ұстаздық қызмет пен шығармашылықты қатар ұстаған қаламгер-ұстазға шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілей отырып,кезекті жеңісімен құттықтаймыз!!!
Өз тілшісі