АКАДЕМИЯ ЖӘНЕ ЖОО-НЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІ ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРСТАН ТЫС ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сурет: senate.parlam.kz
(0 Votes)

Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына өткен жылы енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғарғы оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған үздік түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алуы болып табылады.

Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма.

Осы ретте, аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдар конкурс өткізілместен мемлекеттік тапсырыс аясында жоғарғы оқу орындарын 2023 жылы үздік аяқтаған  4 түлекпен толықты.

Одан бөлек, мемлекеттік органдардың қажеттіліктеріне өзара тығыз байланыста білімін, дағдылары мен икемділігін үздіксіз арттырып, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын үздік аяқтаған 2 мемлекеттік қызметші меритократия кағидаты негізінде жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.

Атап өту қажет, қазіргі таңда өңіріміздің жергілікті атқарушы органдарындаҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының 18 түлегі қызмет етуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT