Қайырбек Өскенбаев кеңсе қағазының бағасы туралы пікір білдірді

(0 Votes)

 Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев кеңсе қағазының бағасы қалай реттелетінін түсіндірді.

«Қазақстан кеңсе қағазының соншалық тапшылығы болады деп ойламаймын. Өйткені мәселе бағаның қалыптасуында болып тұр. Қандай бағамен сатылып жатыр дегендей. Қазір біз қағазды сырттан әкелеміз. Негізгі жеткізуші Ресей Федерациясынан 61%-ы келеді. Қажет болған жағдайда біздің бизнес-құрылымдар бағдарын икемдейді деп ойлаймын. Қандайда да бір кедергілер туындап жатса, қағаз жеткізудің балама маршруаттары жеткілікті. Бізде қағаз кесу өндірісі бар. Яғни, рулондағы қағаз өндірісі бар. Екі сондай зауыт бар. Ал шикізатты басқа елдерден әкелеміз», -деді министр.

Оның айтуынша, бағаның өсуін құзырлы органдар тексеруі қажет.

«Бағаны қадағалайтын арнайы органдар бар, солар тексереді. Бағаның неге өсіп жатқанын білмеймін. Өйткені кеше ғана менің тапсырмам бойынша мамандар «Abdi» компаниясына барып қайтты. Олар 3000 теңгеден сатып жаста, өзге дүкендер 5-6 мың теңгеден сатқан. Бірақ бүгін таңаертең «Abdi» же бағаны көтергенін естідім. Тиісті органдар тексеретін шығар. Өйткені бұл өзге органдардың құзырындағы шаруа», -деді Қайырбек Өскенбаев.

 

Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT