Қайрат Нұртаев жаңа қызметке тағайындалды

(9 Votes)

Қайрат Нұртаев 2021 жылдың 7 сәуірінен бастап облыс әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. 

Оның инженер-механик және заңгер мамандықтары бойынша екі  жоғары білімі бар, «экономика  және бизнес » мамандығы бойынша магистратура тәмамдаған.  2004 жылы Атырау  облыстық  экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасында бас маман, 2005-2007 жылдары аралығында Атырау облыстық  жолаушылар көлігі  және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары, 2008 жылдан бастап Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басқармасының автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болды. 2010 жылдан 2017 жылға дейін Атырау облыстық  жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының орынбасары, 2017-2019 жылдар аралығында Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2019 жылдан 2021 жылдың наурыз айының 18 жұлдызына дейін Құрманғазы ауданының әкімі лауазымын атқарды. Осы жылдар ішінде Қайрат Талапұлы білікті басшы ретінде Мемлекет басшысының, облыс әкімдігінің тапсырмаларын ойдағыдай орындады. Құрманғазылықтар атынан жемісті қызметі үшін ризашылығымызды білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тілейміз.  

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT