Аймақта індет жұқтырған тағы 14 адам тіркелді

(0 Votes)

COVID-19 жұқтырған 8 адам Құлсары қаласы Жылыой ауданында тіркелді.

Олардың үшеуі 1994, 1989, 1966 жылы туған ер адамдар және бесеуі 1968, 1997, 1993, 2003, 1972 жылы туған әйел адамдар.

Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, скринингтен өткен кезде анықталған және денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Ал тағы 6 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олар 1976, 1986, 1992, 2000, 1951 жылы туған ер адамдар және 1998 жылы туған әйел адам. 2 адам денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген, ал қалғаны COVID-19 скрининг өту кезінде анықталған және инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

15.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1324 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны - 986.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика