Атырауда 82 жастағы қария індеттен жазылып шықты

(0 Votes)


«Қазіргі таңда коронавирустан айыққан ақсақал облыстық кардиологиялық диспансеріне орналастырылды» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.​ ​

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, 82 жастағы емделуші облыстық кардиологиялық диспансеріне жатқызылды.​ ​

«Екі жақты пневмония, яғни, өкпенің қабынуынан тудырған коронавирус инфекциясы науқастың жүрек қан тамырларындағы ишемиялық ауруын қоздырып жіберді. Қазіргі таңда науқас кардиостимулятор аппаратына қосылулы» деді Гүлнафис Таңбаева.​

​ Бүгінгі таңда науқас тиісті ем қабылдап жатыр. Аритмологтар мен кардиологтардың бақылауында.​ ​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT