Аймақ басшысы «Халық банктің» басқарма төрағасымен кездесті

(0 Votes)

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Халық банктің» басқарма төрағасы Үміт Шаяхметовамен жұмыс бабымен кездесті»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге сондай-ақ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Атырау филиалының директоры Жанна Майкопова​ қатысты.​

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов өңірдің экономикалық әлеуеті, мұнда жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар туралы айтып, экономикалық жағдайға қаржы нарықтарындағы үрдістер де айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.

Үміт Шаяхметова "Халық банкінің" мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, халық пен кәсіпкерлер үшін сервисті жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Сондай-ақ банк қайырымдылық мәселесі басты назарда екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Атырау банк үшін маңызды өңір болып табылады және ол мұнда өз жұмысын белсенді түрде жалғастырады.

Айта кетейік, облыс бойынша «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның 20 бөлімшесі, 270 банкоматы қызмет көрсетуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика