Адамдар кешірімді, мейірімді болуы керек - Нұрсұлтан Назарбаев

(0 Votes)

8 қаңтар күні «Хабар» арнасында ҚР Тұңғыш Президенті туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тwitter-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Хабар арнасында 8 қаңтарда сағат 21.45-те «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі. Фильмнің үшінші сериясында саясатқа қатысты сұрақтар аз болады. Көбінесе Елбасының жеке өмірі және бұрын белгісіз болып келген дүниелер айтылады», - деп жазды Айдос Үкібай.

«Адамдар кешірімді, мейірімді болып, бір-біріне қол ұшын созуы керек», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев деректі фильмнің видео-анонсында. Сондай-ақ Елбасы өмірден өткен жиені туралы да айтады. Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінің YouTube-парақшасында «Штрихи к портрету» деректі фильмінің 1-ші сериясы өткен айда жарияланған еді.

https://www.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521