Адам ресурстарын дамыту орталығында мемлекеттік органдардың персоналды басқару бөлімі қызметкерлеріне (кадр қызметкерлері) «кадр сағаты» өтті.
Аталған шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы бос лауазымдарды толықтыру, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орындарын үздік аяқтаған түлектерді конкурссыз тағайындау тәртібі туралы баяндады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкерлері «Е-қызмет» жүйесіндегі мемлекеттік қызметшілердің электронды жеке істерін уақытылы толтыру, жүйе арқылы мемлекеттік қызметшілердің кадр құрамының жай-күйінің мониторингі есептерін тапсыру бойынша ақпараттар ұсынды.
Шара барысында, кадр қызметкерлері тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де мәселелер талқыланды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Атырау облысы
бойынша департаменті