Абзал Құспан Қаңтар оқиғасы қайталанбауының жалғыз жолын атады

(0 Votes)
https://aikyn.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан концепциясын іске асыру Қаңтар сияқты оқиғалардың болашақта қайталануын болдырмаудың жалғыз жолы. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жерде отырған билік өкілдерін болсын, депутаттар, қоғам белсенділері, жалпы елдегі проблемаларға бей-жай қарамайтын саналы азаматтарды мазалайтын басты мәселе ол – қасіретті Қаңтар сияқты оқиғалардың болашақта қайталануын болдырмау деп білемін. Оның жалғыз ғана жолы Мемлекет басшысы бекіткен Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан концепциясының сөз жүзінде қалып қоймай іске асуында жатыр. Олай деуімізге себеп, біз комиссия құрамында жүріп, қамаудағы азаматтармен жеке кездесу, сұхбаттасу барысында олардың алаңға шығуына түрті болған ең негізгі фактор ол – әділетсіздік екеніне көз жеткіздік. Яғни, әлеуметтік-экономикалық жағдайдан бұрын осы әділетсіздікке деген төзбестік сезім елдің жаппай алаңға шығуына шешуші рөл атқарған деген қорытындыға келдік», - деді ол.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика