ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

(0 Votes)

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (2022-2023 жаңа оқу жылына) 2022 жылдың 5 қаңтарынан басталған облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушыларын конкурстық іріктеу негізінде 7 сыныпқа қабылдау үшін үміткерлерден құжаттарды қабылдау жалғасуда.   

🖊 Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • Конкурсқа қатысуға өтініш және сауалнама (қабылдау комиссиясында толтырылады)
  • Үміткердің ЖСН нөмірі көрсетілген туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Үміткердің ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
  • Үміткердің 6 сыныптың І/ІІ тоқсанын аяқтағаны туралы табельдердің көшірмесі; (табельдің көшірмесінде мектеп директорының қолы және білім беру ұйымының мөрі болуы қажет)
  • Үміткердің қабылдау комиссиясында түскен 3х4 форматындағы 1 дана электронды фотосы (түсіру тегін)
  • Құжаттарды сақтайтын пластикалық тезтікпесі;

❗ Құжаттар 2022 жылдың 21 ақпанына дейін қабылданады.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09: 00-ден 18: 00-ге дейін (түскі үзіліс 12: 00-ден 13:00-ге дейін). Сенбіде сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін. Жексенбі демалыс!

🚷 Қабылдау комиссиясына 1 ата-ана және үміткер келеді. Келушілерде бетперденің болуы және әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауы талап етіледі. Вирустық инфекцияның алғашқы белгілерін байқасаңыз қабылдау комиссиясына медициналық тексеруден кейін келуіңізді сұраймыз.

Талапкерлердің ата-аналары тиісті құжаттарды жинаған соң алдымен мектептің www.atr.nis.edu.kz ресми сайтында қабылдау комиссиясына баратын күнді белгілеуі қажет. Бұл келушілердің уақытын үнемдеуге және топ болып жиналуға жол бермеуге мүмкіндік береді. Конкурстық іріктеуге ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі мен қабылдау комиссиясына жазылудың тәртібі Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ресми сайтында ("Үміткерлерге" бөлімі, "Конкурстық іріктеу 2022-2023").

Кешенді тестілеу 2022 жылдың 14-15 сәуір күндері өткізіледі

14-сәуір, 2022 жыл. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілетін бағалау.

15-сәуір, 2022 жыл. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен тестілеу.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика