«ABAY GYLYM FEST»-тен олжалы оралдық

(0 Votes)

Атырауда «ABAY GYLYM FEST» ауқымды отбасылық ғылым фестивалі өтті. Мұнда Абай орталығында білім берудегі STEAM тәсілдері саласында ғылыми-танымдық дәрістер, интерактивті сессиялар, воркшоптар және білім беру жобаларының көрмелері көрсетілді.

Іс-шара «JasSpace: Атырау қаласының жастарды дамыту бастамасы» жобасы аясында ұйымдастырылған болатын. Фестивальде түрлі мақсатты аудиторияларға, яғни, ата-аналар мен мектеп оқушылары, жасөспірімдер мен түлектер, SТЕАМ саласына қызығушылық танытып жүрген тәлімгерлер, білім беру саласының мамандарына арналған 10 танымдық секция жұмыс істеді.

Ерекше атап өтерлігі, фестивальға қатысушылар «Integrity» қорының кәсіптік бағдарлау тестілерінен өтіп, «ITeachMe» ҚҚ-нан «Инклюзиядағы STEAM» саласы туралы біліп, YEMAA көпсалалы мәдениет орталығы ұйымдастырған көрмені тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Фестиваль аясында «KazRobotics» федерациясының ұйымдастыруымен оқушылар, студент жастар және педагогтарға арналған жарыстар өтті. Сол түрлі жобалар жарысына Атыраудағы NIS ұстаздары мен оқушылары да белсене қатысты. Нәтижесінде, оқушылар арасынан ерекше жобаларымен көзге түскен Ахмет Үкілісағыныш пен Жанұя Жарас жүлделі 1-орынды иеленді.

Ал, ұстаздар арасынан Гүлзия Бейсенбекова 2-орынға ие болды. Бұдан бөлек, жобалар жәрмеңкесіне де мектеп оқушылары ұстаздар көмегімен жүзеге асырған түрлі тақырыптағы қызықты жұмыстарын ұсынып, белсене қатысқан болатын. Жүлдегерлерді мектеп ұжымы атынан кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!

«ABAY GYLYM FEST»-тен олжалы оралдық

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521