Қаңтар оқиғасына қатысты 834 адам сотталды

(0 Votes)

Қаңтар оқиғасына қатысты 834 адам сотталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

«Жалпы еліміз бойынша тергеу органдары 5 300-ден астам қылмыстық істі тіркеді. Олардың басым көпшілігі – ұрлық, тонау, қаруды сақтау және өзге де қылмыстар. Тергеу амалдарын жүргізу үшін барлығы 1 237 күдікті қамауға алынды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның айтуынша, жеке басын, денсаулық жағдайын сипаттайтын материалдарды ескеріп, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үйқамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.

«955 күдікті адам ісі сотқа беріліп, түрлі жазаларға 834 адам сотталды. Оның ішінде 636 адамға бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза кесілді», - деді Елдос Қилымжанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика