Қаңтар оқиғасы: Арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53 істі қарап жатыр

(0 Votes)
Қаңтар оқиғалары бойынша арнайы прокурорлар терроризм актілеріне қатысты 32 қылмыстық істі қарап жатыр.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істерді тергеу барысы туралы хабарлауды жалғастырып келеді. Жалпы, осы оқиғалар бойынша елімізде 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Мемлекеттік объектілерді өрттеу, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғаны белгілі болды. Сол қайғылы күндері қылмыскерлер әскерилерге шабуыл жасап, жолдың жүру бөлігін жауып, автокөліктерді өрттеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға көндірген және нысандарды тонаған», - деді Е. Қилымжанов Орталық кооммуникациялар қызметінде.
 
Сонымен қатар ол қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді бұғаттау үшін олар полиция органдарының ғимараттарына шабуыл жасағанын еске салды.
 
«Қазіргі кезде арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53 және терроризм актілеріне қатысты 32 қылмыстық іс бар. Тергеу әрекеттерінің аяқталуына қарай істер сотқа жолданып жатыр», - деді Бас прокуратура өкілі.


 https://www.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика